Ереже

«Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі»мемлекеттік мекемесі туралыЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — мемлекеттік мекеме) сәулет, қала құрылысы және құрылысы саласында өз құзыретін шегінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мемлекеттік мекемені Орал қаласының әкімдігі 2006 жылғы «19» қаңтардағы № 46 қаулысымен құрды.

2. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мынадай ведомствосы бар:

  • «Тұрғын үй Уральск» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

3. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеменің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген баска да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, индексі 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңгылы, 182/1-үй. Жұмыс тәртібі: жұмыс күндері дүйсенбі мен жұма аралығында, 9.00-ден бастап 18.30-ге дейін, үзіліс 13.00-ден бастап 14.30-ге сағатқа дейін.

10. Мемлекеттік органның толық атауы — «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары міндеттері

14. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы — бұл Орал қаласы мен оның құрамындағы елді мекендерде бекітілген қаланың бас жоспарға сәйкес бірегей қала құрылысы саясатын белгілеу және жүзеге асыру болып табылады.

15. Міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру;

2) бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз ету;

4) тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

6) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын іске асыру;

7) құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде ұсыныстар енгізу;

8) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

9) заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;

10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін белгілеген тәртіппен жүргізу.

16. Функциялары:

1) орталық аппараттың функциялары:

  • қаланың бас жоспарын, толық жоспарлау жобаларын және сәулет тораптарын дайындау үшін бастапқы деректемелерді әзірлеуге қатысу, бөлімге тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құқығы берілген жағдайда аумақтардың инженерлік жабдықтау жобаларын және ТЖЖ-ны дайындау;
  • ескі және аз қабатты тұрғын үйді бүзудың тиісті бағдарламаларын дайындауға және оларды жоғары түрған мемлекеттік қала қүрылысы қызметін реттеу органдарына келісуге және бекітуге ұсынуға қатысу;
  • қала құрылысы қызметінің субъектілеріне жер пайдалану немесе жер иелігі қүқықтарын беру туралы шешім қабылдау;
  • қала құрылысы қызметінің субъектілеріне ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) қүқықтарын беру туралы шешім қабылдау;
  • тапсырысшыларға сәулет-жоспарлау тапсырмаларының әзірлеу және беру;
  • мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссияларының жүмыстарында қатысу;
  • қаланың бас жоспарын жүзеге асыруына және оның даму;
  • заңда және нормативтік актілерінде белгіленген құзыреттерінің шегінде қала аумағында қала құрылысы қызметін реттеу мәселелерінде қатысу, сонымен бірге меншік нысанасына қарамастан барлық субъектілерімен заңнамалық және нормативтік актілерін сактауға бақылауды қамтамасыз ету;
  • қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді.
  • жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды.
  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

2) «Тұрғын үй Уральск» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының функциялары:

  • инженерлік-геодезиялық жұмыстары, соның ішінде:
  • геодезиялық орталықтарды салу мен төсеу;
  • жоспарлы-биіктік түсіру желілері жасақтау;
  • жобалау мен құрылыс үшін топографиялық жұмыстар (1:10 000 — 1:200 масштабтағы түсірулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен имараттарды түсіру, трассалау мен жер үсті желілі имараттар мен олардаң элементтерін түсіру);
  • инженерлік-геологиялық шешім, геофизиялық және басқа да зерттеу нүктелерін байлаумен сыртқа шығаруға байланысты геодезиялық жұмыстар;
  • сәулет қала құрылысы кадастрін жүргізу бойынша картографиялық жұмыстар.

17. Құқықтары мен міндеттері:

«Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүтктелген қызметтерді іске асыру үшін осы Ережемен «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құқықтар беріледі:

  • дайындалып және бекітілген тәртіпте бекітілген жобалау-жоспарлау құжаттамасын, нормативтік талаптар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарымен берілген техникалық тапсырмаларды бұза отырып орындалатын жұмыстар өндірісін және кез-келген құрылыс түрлерін, қайта құралымдау, қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуді тоқтату туралы бекітілген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
  • нормативтік, сәулет-қала құрылысы және басқа да талаптарға жауап бермейтін жобаларға, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын бұза отырып орындалған, сондай-ақ сәйкесті лицензиясы жоқ ұйымдар мен тұлғалар дайындаған жобаларға келісім бермеу;
  • сәйкесті мемлекеттік органдарға қала құрлысы тәртібін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзып, өз бетімен құрылыс салуға кінәлі жеке және заңды тұлғаларды бекітілген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселелер бойынша жүгіну;
  • тұрғын үй-азаматтық, өндірістік, ауыл шаруашылығы, көлік, коммуналдық және басқа да құрылыс түрлері мен қайта құралымдаушы барлық нысаналарға, сондай-ақ меншік нысанына және ведомостілік бағыныстылығына қарамастан, құрылыс материалдары мен өнім, құрылғыларды шығаратын қала аумағындағы кәсіпорындарға кедергісіз өту;
  • меншік нысанына және ведомостілік бағыныстылығына қарамастан барлық кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан толық көлемде құрылыс, абаттандыру, инженерлік қамтамасыз ету, инженерлік дайындық жобаларын және бекітілген бас жоспарға сәйкес қала аумағында орындалуы көзделген басқа да жұмыстарды келісуге ұсынуын талап ету ;
  • қалалық, өндірістік аумақтардың құрылыс салу жобаларын, көлік және инженерлік коммуникациялар сұлбасын, жаңа құрылыс және өндірістік кәсіпорындарды қайта құралымдау жобаларын, олардың қала құрылысы талаптары мен бекітілген бас жоспарға сәйкестігіне қатысты келісуге ұсынылуын талап ету;
  • меншік нысанына және ведомостілік бағыныстылығына қарамастан барлық құрылыс түрлері нысаналарында нормативтік және жобалау құжаттамасының сақталуын қадағалау, құрылыс пен жерге орналастырудағы бұзушылықтар үшін бекітілген тәртіпте санкциялар қолдану ;
  • маңызды сәулеттік мәні бар жоспарлаудың, құрылыс салу, тұрғын аудандары мен қала орталықтарының абаттандыру, жекелеген ғимараттар мен имараттардың жобаларының неғұрлым сәулеттік және қала құрылысы жағынан жақсысын анықтау үшін 2 нұсқасынан кем емес дайындаумен, нобайлық жобаның орындалуы қажеттілігін анықтау;
  • меншік нысанына және ведомостілік бағыныстылығына қарамастан қала аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге орындалуы үшін міндетті болып табылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша шешім қабылдау;
  • жергілікті атқарушы органмен бірлесіп жоспарлау жобаларын, құрылыс салу нобайларын, тұрғын аудандар мен қала орталықтарын абаттандыру, сондай-ақ адамзаттың тіршілік әрекеті үшін қолайлы жағлай қалыптастыратын жекелеген ғимараттар мен имараттардың, ескерткіштер мен монументтердің жобаларын дайындауға конкурс өткізуді ұйымдастыру;
  • әрбір нақты жағдайда жобалаудың кезеңділігін, құрамы мен көлемін, нобайлық жобаларды, маңызды сәулет және қала құрылысы мәні бар нысаналарды нұсқалық және конкурстық жобалауды дайындау қажеттілігін, жекелеген жобаны дайындау немесе типтік жобаларды қолдану, соңғысына қажетті өзгерістерді енгізудің орындылығын анықтау;
  • жұмыстарды қолданыстағы заңнаманы, қала құрылысы, экологиялық және басқа да нормативтік талаптарды бұза отырып орындайтын жобалау, құрылыс және өндірістік ұйымдардан жобалау, құрылыс салу және құрылыс материалдары өнімдерін шығару құқығына лицензияны қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізу;
  • құрамына шарттық негізде сәулетшілер мен басқа да мамандарды тарта отырып, тұрақты немесе уақытша жобалаушылар мен сараптамашы топтардың шығармашылық ұжымдарын қалыптастыру.
  • сәйкесті статистика органынан меншік нысанына және ведомостілік бағыныстылығына қарамастан ведомостілік аумаққта орналасқан ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың мәліметтерін, сондай-ақ олардың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жоспарлы есептік мәліметтерді талап ету және алу.
  • өз құзыреті шегінде қала аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін іске асырушы жеке және звңды тұлғалар тарапынан орындалу үшн міндетті болып табылатын бұйрықтар мен өкімдерді шығару.
  • өз құзыреті және осы Ереже шегінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының жеке және звңды тұлғалар тарапынан мүлтіксіз орындалуына жалпы басшылықты іске асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылықты «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Орал қаласының әкімі шешімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

  • мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;
  • мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;
  • мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік мекеменің ережесін бекітеді, ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
  • мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді;
  • мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздемесін белгілейді;
  • мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
  • жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
  • өз ұжымындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жағдайына дербес жауап береді;
  • заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамала көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органның қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

  • «Тұрғын үй Уральск» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.