есептілік

«Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

«Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің штаты 8 бірліктен, соның ішінде бөлім басшысы, қала құрылысы құжаттамасы бойынша секторының меңгерушісі, 5 бас маман бірлігі,  бөлім басшысы  орынбасарының бірлігі бос. Шартты түрде 4 қызметкер.

2018 жылдың 10 айында бөліммен келесі жұмыстар атқарылды:

Барлық түскен өтініштер саны 2231, соның ішінде:

-                     Заңды тұлғалардан 407 өтініш;

-                     Жеке тұлғалардан 1824 өтініш;

Бөліммен азаматтар өтінішінен басқа саны 7005 келесі мемелекеттік қызметтер көрсетіледі:

1.           Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру -1546

2.           Елді мекен шегінде объект құрылысы үшін жер учаскесін беру – 16

3.           Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес колданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру – 1497

4.           Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөніндегі анықтама беру –2530

5.           Жобаға келісім беру (нобайлық жоба) –  1340

           6.Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру- биыл болған жоқ.

           7.Шартты есепке қою туралы үзінді беру-65

Есеп беру кезеңі бойынша Орал қаласы әкімдігінің отырысына құрылысқа және қайта жабдықтауға, абаттандыруға рұқсат, жер учаскесінің мақсатын өзгерту 148  қала әкімдігінің қаулы жобасы дайындалған, жеке меншіктегі және жер пайдаланудағы жер учаскелерін тұрғын үй және қора-қопсы қайта құрылысы үшін пайдалануға 16.

Объект құрылысы үшін 555 таңдау актісі дайындалған, қора-қопсы құрылысына 763 қорытынды, объектіні пайдалануға қабылдау актісі 461, меншік иесінің объектіні өз бетінше пайдалануға қабылдау актісі (пәтерді қайта жоспарлау, жеке тұрғын үй құрылысына, қора-қопсы, саяжай үйі) 4509.

Бұдан басқа елді-мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға арналған 225 рұқсат.

Бөлім басшысымен сәрсенбі, бөлім секторының меңгерушісімен сейсенбі күндері жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіліп және сәйкес кеңестер беріледі.

Жергілікті БАҚ (газет және телеарна) бөліммен атқарылатын жұмыс жөнінде және қала құрылысы бойынша ҚР заңнамасындағы өзгерістер жөнінде мерзімді интервью беріледі, газет редакциясы мен облыс және қала Әкімі блогына түскен барлық сұраулар мен сұрақтарға уақытылы жауап беріледі.

Сонымен қатар Орал қаласының Бас жоспарына сәйкес ("Ескі қала", "Орталық" және "Шығыс" аудандарына 3 -ЕТЖЖ жасалып бекітілді. ЕТЖЖ -дің арқасында жаңа инфрақұрылымдар мен құрылыстар, туристік инфрақұрылымдар, халықты қамтамасыз етуге ықпалы тиеді.

 СЖТ электрондық келісімі және техникалық шарттарды беру электрондық сәулет жасақталуда, бітуі ағымдағы жылдың желтоқсаннына жоспарлануда.  Сондай-ақ нобайлық жобаларды беруді қамтитын электрондық сәулет құруы аяқталды, қазіргі кезде нобайлық жобаларға электронды түрде келісім беруде.